01 маусымнан бастап Клирингілік қатысушылар туралы қағидаға енгізілген өзгертулер қолданысқа енгізілді

06.06.23 14:49
/KASE, 06.06.23/ – Қазақстан қор биржасының Директорлар кеңесінің (KASE) 2023 жылдың 31 мамырындағы шешімімен 2023 жылдың 01 маусымынан бастап қолданысқа енгізілген "Клирингішлік қатысушылар туралы қағида" (Қағида) атты KASE ішкі құжатына енгізілген № 13 өзгертулер (өзгертулер) бекітілді. Көрсетілген өзгертулермен екінші деңгейдегі банктер болып табылатын қор нарығына қатысушылар үшін клирингілік кепілдік қорларына кепілдік жарналардың мөлшері 28,0 млн теңгеден 30,0 млн теңгеге, брокерлер болып табылатын қор нарығына қатысушылар үшін – 7,0 млн теңгеден 7,5 млн теңгеге өзгертілді. Қағиданың жаңартылған мәтіні KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады https://kase.kz/ru/kase_rules/ ("Клиринг"). [2023-06-06]