KZ
11 мамыр 2025, 20:55
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
06.06.2023 11:31 #Корпоративтік уақиғалар

2022 жылғы "Кристалл Менеджмент" АҚ шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есеп жарияланды

/KASE, 06.06.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Кристалл Менеджмент" АҚ (Алматы) компанияның 2022 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша KASE-ге аудиторлық есебін ұсынды.

2022 жылдың 31 желтоқсанындағы аудиттелген деректерге сәйкес (егер өзгеше көрсетілмесе, мың теңгемен):

-------------------------------------------------
                              31.12.22   31.12.21
Көрсеткіш                                        
--------------------------- ---------- ----------
Меншікті капитал            26 644 443 28 121 373
Жиынтық активтер            51 179 796 53 415 833
Жиынтық міндеттемелер       24 535 353 25 294 460
Сатук көлемі                 8 130 994  7 158 070
Жалпы табыс                  2 455 628  2 269 892
Таза пайда (таза шығын)     -1 476 930   -947 380
Жай акцияның баланстық құны       0,74       0,79
ROA, %                           -2,89      -1,77
ROE, %                           -5,54      -3,37
ROS, %                          -18,16     -13,24
-------------------------------------------------

Компанияның 2022 жылғы қаржылық есептілігінің аудитін "Эрнст энд Янг" ЖШС жүргізді. Ескертпесі бар пікірді қамтитын аудиторлық қорытындыға сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілік "Кристалл Менеджмент" АҚ мен оның еншілес ұйымының 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша шоғырландырылған қаржылық жағдайын, сондай-ақ олардың шоғырландырылған қаржылық нәтижелерін және ҚЕХС-ға сәйкес көрсетілген күні аяқталған жылдағы ақша қаражаттарының шоғырландырылған қозғалысын барлық маңызды қатынастарда сенімді түрде көрсетеді.

Есеп KASE интернет-сайтында жарияланды – толығырақ

[2023-06-06]