"Нұрбанк" АҚ KZ2C00002012 (NRBNb10) облигациялары айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

05.06.23 09:45
/KASE, 05.06.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 05 маусымынан бастап "АҚ Нұрбанк" (Алматы) KZ2C00002012 облигациялары (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, NRBNb10; 100 теңге, 16,0 млрд теңге; 05.06.13 – 05.06.23, жартыжылдық купон, жылдық 7,00%, 30/360) айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды. Аталған облигациялар 2013 жылдың 05 маусымынан бастап "Рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілген, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "облигациялар" санатында тұрды. Олармен сауда-саттық 2013 жылдың 18 маусымынан бастап ашылған. [2023-06-05]