Қазақстан қор биржасында "ОнлайнҚазҚаржы МҚҰ" АҚ KZ2C00009769 (MFOKb11) облигацияларына жазылым жүргізу арқылы өтеуге орташа сараланған кірістілігі жылдық 21,50 %-бен орналастыра отырып, 6,3 млрд теңге тартты

02.06.23 17:59
/KASE, 02.06.23/ – Бүгін KASE сауда-саттық жүйесінде "ОнлайнҚазҚаржы МҚҰ" АҚ (Алматы) KZ2C00009769 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFOKb11; 1 000 теңге; 20,0 млрд теңге; 02.06.23 – 02.06.25; құбылмалы ай сайынғы купон, бірінші купондық кезеңге жылдық 21,00%; 30/360) облигацияларына жазылым жүргізу арқылы бастапқы орналастыру жүргізілді. Аталған облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) әрекет етті. Орналастыруға номиналды көлемі 5 000 000 000 теңге болатын облигациялар ұсынылды. Жазылым аясында тек шектелімді өтінімдер қабылданды. Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 02 маусымында Астана қаласы уақытымен сағат 10:30-дан 14:30-ға дейін жүргізілді. Сауда-саттыққа KASE үш мүшесі қатысты (қатысушылар шоттарының саны – 381). Сауда-саттық жүйесіне барлығы номиналды көлемі 6 270,2 млн теңге болатын (номиналды көлемі 6 321,2 млн теңге) 381 шектелімді өтінім берілді, өтінімдерді жинау аяқталған кезде олар белсенді деп танылды. Берілген белсенді өтінімдердегі таза баға номиналдың 99,1930 % (жылдық 21,50 %) құрады. Сұраным ұсынымның 126,4 % құрады. Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде заңды тұлғалардың үлесіне – 0,2 %, жеке тұлғалардың үлесіне – 99,8 %. Орналастыру нәтижелері бойынша барлық белсенді өтінімдер қанағаттандырылды. Жалпы сомасы 6 270 180 972,5 теңгеге 6 321 193 облигация орналастырылды. Орташа сараланған таза баға номиналдың 99,1930 % (жылдық 21,5000 %) құрады. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес аталған облигацияларға жазылу нәтижелері бойынша мәмілелер осы ақпарат жарияланған кезде есептелді, жазылым аяқталды. [2023-06-02]