"Bank RBK" Банкі" АҚ акционерлері 2022 жылға жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады

02.06.23 15:15
/KASE, 02.06.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Bank RBK" Банкі" АҚ (Алматы) 2023 жылдың 30 мамырында өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционерлер, он ішінде, келесі шешімдерді қабылдады: - банктің 2022 жылға аудиттелген қаржылық есептілігі бекітілсін; - банктің таза табысының 19 111 281 000 теңге мөлшеріндегі бөлігі 2022 жылға жай акциялары бойынша дивидендтер төлеуге бағытталсын; - жай акциялар бойынша дивидендтер төленгеннен кейін қалған банктің 2022 жылғы таза табысының бір бөлігі банктің бөлінбеген пайдасының құрамында қалдырылсын. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/INBN/inbn_special_shareholders_meeting_results_300523_4811.pdf [2023-06-02]