/KASE, 02.06.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "БАСТ" АҚ (Шығыс Қазақстан облысы) компанияның 2022 жылға
шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша KASE аудиторлық есебін ұсынды.
2022 жылдың 31 желтоқсанындағы аудиттелген деректерге сәйкес
(егер өзгеше көрсетілмесе, мың теңгемен):
--------------------------------------------------------
31.12.22 31.12.21
Көрсеткіш ж.б. ж.б.
---------------------------------- ---------- ----------
Меншікті капитал 7 208 989 4 481 714
Жиынтық активтер 14 734 716 13 742 064
Жиынтық міндеттемелер 7 525 727 9 260 350
Сату көлемі 6 258 717 2 630 919
Жалпы табыс 460 821 88 522
Таза пайда (таза шығын) -494 720 -1 200 706
Жай акцияның баланстық құны, теңге 4 401 2 977
ROA, % -3,36 -8,74
ROE, % -6,86 -26,79
ROS, % -7,90 -45,64
--------------------------------------------------------
Компанияның 2022 жылғы қаржылық есептілігінің аудитін "Центраудит-Қазақстан"
тәуелсіз аудиторлық компаниясы" ЖШС жүргізді. Аудиторлық қорытындыға сәйкес
шоғырландырылған қаржылық есептілік барлық маңызды қатынастарда "БАСТ" АҚ
мен оның еншілес ұйымдарының 2022 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша
шоғырландырылған қаржылық жағдайын, сондай-ақ олардың шоғырландырылған
қаржылық нәтижелерін және ҚЕХС сәйкес көрсетілген күні аяқталған жылдағы
ақша қаражаттарының шоғырландырылған қозғалысын анық көрсетеді.
Есеп KASE интернет-сайтында жарияланды –
https://kase.kz/files/emitters/BAST/bastf6_2022_cons_rus.pdf
[2023-06-02]