Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Фридом Финанс" АҚ-ның жалғыз акционері жай акциялар бойынша 2022 жылға дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады
/KASE, 02.06.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) жалғыз акционердің 2023 жылдың 29 мамырындағы шешімдері туралы KASE-ге хабарлады.
Акционер, оның ішінде келесі шешімдерді қабылдады:
- компанияның 2022 жылға жеке және шоғырландырылған аудиттелген қаржылық есептілігі бекітілсін;
- компанияның 2022 жылғы таза кірісін бөлмеу: компанияның жай акциялары бойынша 2022 жылға дивидендтерді есептемеу және төлемеу, таза кірісті одан әрі дамыту үшін компанияның иелігінде қалдыру.
Осы ақпарат орналастырылды – толығырақ
[2023-06-02]