"Баян Сұлу" АҚ акционерлері 2022 жылға жай акциялар бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады

01.06.23 11:30
/KASE, 01.06.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Баян Сұлу" АҚ (Қостанай) 2023 жылдың 30 мамырында өткен акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционерлер, оның ішінде, мынадай шешімдер қабылдады: - компанияның 2022 жылғы аудиттелген қаржылық есептілігі бекітілсін; - 2022 жылғы таза кіріс бөлінбесін, шотта бөлінбеген пайда қалдырылсын, компанияның 2022 жылғы жай акциялары бойынша дивидендтер есептелмесін немесе төленбесін. Акционерлердің жалпы жиналысында күн тәртібіндегі алты мәселе бойынша шешімдер қабылданды. Осы ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/BSUL/bsul_meeting_results_300523.pdf [2023-06-01]