"Қазақтелеком" АҚ акционерлері компанияның 2022 жылдағы таза табысын бөлу тәртібі туралы шешім қабылдаған жоқ

01.06.23 11:00
/KASE, 01.06.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана) 2023 жылдың 30 мамырында өткен акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE хабарлады. Акционерлер компанияның 2022 жылға аудиттелген жылдық қаржылық есеп берушілігін (шоғырландырылған және жеке) бекітті. Компанияның 2022 жылғы таза пайдасын бөлу тәртібі және бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері туралы мәселе бойынша шешім қабылданған жоқ. Бұл ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_special_shareholders_meeting_results_300523_1036.pdf [2023-06-01]