/KASE, 01.06.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана) 2023 жылдың 30 мамырында өткен
акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE хабарлады.
Акционерлер компанияның 2022 жылға аудиттелген жылдық қаржылық есеп
берушілігін (шоғырландырылған және жеке) бекітті. Компанияның 2022 жылғы
таза пайдасын бөлу тәртібі және бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері
туралы мәселе бойынша шешім қабылданған жоқ.
Бұл ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_special_shareholders_meeting_results_300523_1036.pdf
[2023-06-01]