02 маусым күні Қазақстан қор биржасында "Онлайн ҚазҚаржы МҚҰ" АҚ KZ2C00009769 облигацияларына жазылым жүргізу жоспарлануда

01.06.23 10:46
/KASE, 01.06.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) хабарлайды: 2023 жылдың 02 маусымында KASE сауда-саттық жүйесінде "Онлайн Қазқаржы МҚҰ" АҚ (Алматы) KZ2C00009769 (1 000 теңге, 20,0 млрд; 2 жфл; құбылмалы ай сайынғы купон; жылдық 21,00 %; 30/360) облигацияларына жазылу арқылы облигацияларды бастапқы орналастыру жүргізу жоспарлануда. Бұл жазылым көрсетілген облигациялар KASE ресми тізіміне енгізілген жағдайда жүргізіледі. Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді. Орналастырылатын облигациялардың номиналды көлемі – 56 000 000 000 теңге. Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 02 маусымында Астана қаласы уақытымен сағат 10:30-дан 14:30-ға дейін жүргізіледі. Жазылым аясында тек шектелімді өтінімдер қабылданады. Биржа қабылдаған өтінімдер тізілімін Сатушыға беру күні – 2023 жылдың 02 маусымы; Сатушының қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін Биржаға беру күні – 2023 жылдың 02 маусымы; есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен уақыты – 2023 жылдың 02 маусымы, Астана қ. уақытымен 15:30-да. Есеп айырысуларды "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады. Жазылымға қатысу үшін өтінімдер биржаға тек "қор"санатындағы KASE мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі http://kase.kz/ru/membership сілтемесі бойынша жарияланған. Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигациялардың Сатушысына ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат ретінде жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы беріледі. Бағалы қағаздарға жазылуды жүргізу қағидалары KASE интернет-ресурсында http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf сілтемесі бойынша жарияланған. [2023-06-01]