/KASE, 01.06.23, 18.05.23 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасының
(KASE) Басқармасының 2023 жылдың 25 әуіріндегі шешімімен "Шетел валютасының
теңгеге бағамына фьючерстердің маманданымы" (Маманданым) атты KASE ішкі
құжатына енгізілген № өзгертулер (өзгертулер) 2023 жылдың 01 маусымынан бастап
қолданысқа енгізіледі.
Өзгертулер рубльдің теңгеге бағамына айлық фьючерстермен сауда-саттық іске
қосылуына байланысты енгізілді. Аталған қаржы құралдармен сауда-саттық бір
уақытта рубльдің теңгеге тоқсандық фьючерстерімен қатар өткізілетін болады.
Маманданымның жаңартылған мәтіні KASE интернет-ресурсында
https://kase.kz/ru/kase_rules/ ("Сауда-саттық" – "Деривативтер" бөлімінде)
сілтемесі бойынша жарияланған.
[2023-06-01]