Биржа акционерлері 2022 жылдағы KASE қызметі туралы ақпаратты назарға алды

30.05.23 18:29
/KASE, 30.05.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, 2023 жылдың 30 мамырында өткен Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы KASE қызметіне байланысты шешімдер қабылдады. Биржа акционерлері, оның ішінде, 2022 жылдағы KASE қызметі туралы ақпаратты назарға алып, Биржаның 2022 жылға жылдық аудиттелген шоғырландырылған және жеке қаржылық есеп берушілігін бекітті. KASE қызметінің қорытындысы бойынша 2022 жылы сауда-саттықтың жиынтық көлемі 261,6 трлн теңгені құрап, 2021 жылға қарағанда 50 %-ға немесе 87,2 трлн теңгеге ұлғайды. 2022 жылға аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есеп берушілікке сәйкес 2022 жылы KASE тобының қаржы-шаруашылық қызметі мынадай көрсеткіштермен сипатталады: - кірістер 11,9 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылғы нәтижеден 65,8%-ға жоғары. Қызметтер мен комиссиялар бойынша кірістер 34,6%-ға ұлғайып, 5,7 млрд теңгені құрады. Пайыздық кірістер 6,4 млрд теңгені құрап, 2,1 есеге өсті; - шығыстар 4 млрд теңгені құрады және өткен жылмен салыстырғанда 37%-ға өсті; - таза пайда 6,8 млрд теңге мөлшерінде, бұл өткен жылдың нәтижесінен 74,6%-ға жоғары; - активтер былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 2,8 есеге – 12 109,7 млрд теңгеге дейін ұлғайды. 2022 жылы Биржа бірқатар жобаларды жүзеге асырды, соның ішінде: – Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы индекстерінің сериясын есептеуді және жариялауды іске қосты; – ASTS+ сауда-клирингілік жүйесінің жазылу әдісімен сауда-саттықты жүргізуге мүмкіндік беретін жаңартылған нұсқасын енгізді; – "IRIS Finance" ақпараттық өнімінің браузерлік нұсқасын іске қосты; – орталық контрагентпен клирингілік қатысу сертификаттарымен репо мәмілелерін жасау мүмкіндігін енгізді. Биржа акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының қорытындыларына арналған баспасөз мәлімдемесі KASE интернет-ресурсында орналастырылды: - https://kase.kz/kz/press_releases/ – қазақ тілінде; - https://kase.kz/ru/press_releases/ – орыс тілінде; - https://kase.kz/en/press_releases/ – ағылшын тілінде. [2023-05-30]