27 маусымда "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

29.05.23 10:46
/KASE, 29.05.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) 2023 жылдың 27 маусымында сағат 11:00-де оның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы басталатынын, күн тәртібіндегі жалғыз мәселе: ""ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы" мәселе болып табылатынын KASE-ге хабарлады. Аталған жиналысты өткізу туралы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_special_shareholders_meeting_info_270623_4316.pdf [2023-05-29]