/KASE, 26.05.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, 2023 жылдың 24 мамырында
Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық
міндеттемелері МЕОКАМ-24 88-ші шығарылымын (KZK200000752,
MOM024_0088) орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті.
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ деректеріне сәйкес
2023 жылдың 28 сәуірінде облигацияларды орналастыру бойынша мәмілелер
орындалды, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 34 692 939 862,7 теңгені
құрады.
"Қазақстан Қаржы министрлігі 24 мамыр күні Қазақстан қор биржасында
34,7 млн МЕОКАМ-24 88-ші шығарылымын (KZK200000752, MOM024_0088)
жылдық 14,41 %-бен орналастырды" тақырыбындағы KASE жаңалығы
https://kase.kz/kz/news/show/1501939/ сілтемесі бойынша жарияланған.
[2023-05-26]