Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"ҚазТрансОйл" АҚ акционерлері компанияның 2022 жылдағы таза табысын бөлу тәртібін бекітті
/KASE, 25.05.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) 2023 жылдың 24 мамырында өткен акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады.
Акционерлер, оның ішінде, келесі шешімдерді қабылдады:
- компанияның 2022 жылға аудиттелген қаржылық есептілігі бекітілсін;
- компанияның 2022 жылға аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есептілігі бекітілсін;
- компанияның 19 801 693 000 теңге мөлшеріндегі 2022 жылдағы таза табысын бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін:
- дивидендтер төлеуге 15 000 495 861 теңге бағытталсын;
- таза табыстың 4 801 197 139 теңге мөлшеріндегі қалған сомасы бөлінбесін және компанияның иелігінде қалдырылсын;
- компанияның жай акциялары бойынша 2022 жылға дивидендтерді төлеудің басталу күнін – 2023 жылдың 13 маусымы деп белгіленсін.
Осы ақпарат орналастырылды – толығырақ
[2023-05-25]