KZ
10 мамыр 2025, 16:21
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
25.05.2023 12:18 #Корпоративтік уақиғалар

"Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ жалғыз акционері Банктің 2022 жылдағы таза табысын бөлу тәртібін бекітті

/KASE, 25.05.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ (Алматы) оның жалғыз акционерінің 2023 жылдың 22 мамырындағы шешімдері туралы KASE-ге хабарлады.

Акционер, оның ішінде, келесі шешімдерді қабылдады:

  • Банктің 2022 жылға аудиттелген жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін;
  • Банктің 2022 жылдағы 96 035 129 578,28 теңге мөлшеріндегі таза табысын бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін:
  • 67 224 699 900,00 теңге жалғыз акционерге дивидендтер төлеуге жіберілсін;
  • 28 810 429 678,28 теңге банктің қарамағында қалдырылсын.

Осы ақпарат орналастырылды – толығырақ

[2023-05-25]