KZ
2 шілде 2025, 10:35
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
24.05.2023 17:55 #Сауда-саттық ақпараты

Қазақстанның Қаржы министрлігі 10 мамыр күні Қазақстан қор биржасында 26,0 млн МЕУКАМ-96 14-ші шығарылымын (KZKD00001228, MUM096_0014) өтеуге орташа сараланған кірістілігі жылдық 14,00 %-бен орналастырды

/KASE, 24.05.23/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕУКАМ) орналастыру және қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттықтың екі сессиясы төменде келтірілген шарттармен (Астана қ.уақыты) өткізілді.

---------------------------------------------------------------------------
СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:                                                      
--------------------------------------------------- -----------------------
Қатысушылар саны:                                   8                      
Берілген өтінімдер саны (барлығы /белсенді):        23 / 20                
оның ішінде:                                                               
– шектеулі:                                         22 / 19                
– нарықтық:                                         1 / 1                  
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн теңге:              117 585,7              
оның ішінде:                                                               
– шектеулі:                                         116 585,7              
– нарықтық:                                         1 000,0                
Ұсынымға сұраным, %:                                х2,9 есе               
Берілген өтінімдер бойынша "таза баға", жылдық % (барлық / белсенді):      
– минималды                                         97,6904                
– максималды                                        100,1982               
– орташа сараланған                                 99,8583 / 99,8598      
Берілген өтінімдер бойынша кірістілік, жылдық % (барлық / белсенді):       
– минималды                                         13,9500                
– максималды                                        14,5000                
– орташа сараланған                                 14,0233 / 14,0230      
--------------------------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер – өтінімдер беру кезеңі аяқталған сәтте сауда-саттыққа
  қатысушылармен жойылмаған, соның ішінде Растау жүйесінің                
  қатысушыларымен расталған, өтінімдер.                                   

Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде банктердің үлесіне – 85,1 % брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне – 1,7 %; басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 11,9 %, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – 1,3 % тиесілі болды.

ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ:

------------------------------------------------- -----------------
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі,           100 111 142      
облигациялар:                                                      
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, теңге:    100 627 236 966,0
Қанағаттандырылған өтінімдер саны:                13               
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны:   8                
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, жоспардан %: 250,3            
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі,           85,5             
сұраныстың %:                                                      
Қанағаттандырылған өтінімдердегі "таза баға", номиналдан %:        
– минималды                                       99,9664          
– максималды                                      100,1982         
– орташа сараланған                               99,9711          
Берілген өтінімдер бойынша сатып алушы үшін кірістілік, жылдық %   
– минималды                                       13,9500          
– максималды                                      14,0000          
– орташа сараланған                               13,9990          
-------------------------------------------------------------------

Инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде орналастыру кезінде жалпы көлемнің 89,5 % – банктер, 2,0 % – брокерлік-дилерлік ұйымдар, 7,0 % – басқа институционалдық инвесторлар, 1,5 % – басқа заңды тұлғалар сатып алды.

Бұдан бұрын жүргізілген орналастыруды ескере отырып, МЕУКАМ-96 14-ші шығарылымының (KZKD00001228, MUM096_0014) толық көлемі номиналды құны 126 111 142 000 теңге сомасына 126 111 142 облигацияны құрады.

Осы орналастыру бойынша есептеулер Т+2 сызбасы бойынша жүзеге асырылады. Бүгінгі аукционда сатылған МЕУКАМ бойынша міндеттемелер орындалған күннен кейінгі келесі жұмыс күні кестеде көрсетілген сауда- саттық кодымен KASE қайталама нарығында айналысқа жіберілетін болады. Бұл ретте облигациялар KASE сауда-саттық жүйесінде таза бағамен белгіленуі тиіс.

ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:

----------------------------------------------- ------------------------
Сауда-саттық күні:                              24.05.23                
Өтеуге дейін мерзімі:                           8,0 жыл (2 868 күн)     
Орналастырудың жарияланған көлемі, дана:        40 000,0                
Сауда-саттық заты:                              "таза" баға             
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі,%: 70                      
Өтінім беру тәсілі:                             Жабық                   
Өтінімдерді қабылдау уақыты:                    09:00–12:00             
Өтінімдерді растау уақыты:                      09:00–12:00             
Кесім уақыты:                                   24.05.23, 15:00         
Төлеу күні және уақыты:                         26.05.23                
Шектелімді қарсылама өтінімдерді                қарсылама өтінімдердің  
қанағаттандыру тәсілі:                          көлеміне пропорционалды 
Шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру әдісі:    бірыңғай кесімдеу бағасы
                                                бойынша                 
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру әдісі:      бірыңғай кесімдеу бағасы
                                                бойынша                 
------------------------------------------------------------------------

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығару, орналастыру, айналысқа шығару, оларға қызмет көрсету және өтеу қағидалары толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін орналастыру ережелері толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2023-05-24]