KASE "Қазақтелеком" АҚ арналған "Эмитент күнін" өткізді

16.05.23 17:10
/KASE, 16.05.23/ – Бүгін Қазақстан қор биржасы (KASE) "Қазақтелеком" АҚ өкілдерінің инвесторлармен, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен және БАҚ-пен "Қазақтелеком" АҚ-ның 2022 жылдағы қызметінің қорытындысы" тақырыбында онлайн кездесу өткізді. Іс-шара аясында акциялар бойынша қаржылық нәтижелер мен дивидендтердің серпіні, бизнестің негізгі бағыттары, іске асырылып жатқан жобалар мен болжамды күтулер, компанияның қаржылық көрсеткіштерін талдау ұсынылды, сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ өкілдері журналистердің сұрақтарына жауап берді. Іс-шараның модераторы KASE Басқарма төрағасының орынбасары Ермек Мәжекенов болды. "Қазақтелеком" АҚ спикерлері ретінде Бас қаржы директоры Людмила Атамұратова, Инновациялар жөніндегі Бас директор Нұрлан Мейірманов, Бөлшек бизнес бойынша дивизионның маркетинг жөніндегі директоры Руслан Берстембаев, Клиенттік тәжірибені басқару жөніндегі Директор Ксения Минеева, Корпоративтік бизнес бойынша дивизионның Маркетинг және даму жөніндегі директоры Азиз Қайратхан қатысты. Іс-шара "Эмитент күні" жобасы аясында өткізілді. [2023-05-16]