KZ
16 шілде 2025, 03:11
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
22.05.2023 14:30 #Бағалы қағаздар

Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2586856879 (EBRDe18) халықаралық облигациялары бойынша бірінші купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 17,79 %

/KASE, 22.05.23/ – Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің XS2586856879 халықаралық облигациялары ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EBRDe18; 48,5 млрд теңге; 23.02.23 – 23.03.24; қалқымалы тоқсандық купон, TONIA Compounded + 0,90 %; actual/365) бойынша есеп айырысу агенті ретінде "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) Қазақстандық қор биржасына (KASE) көрсетілген облигациялар бойынша бірінші купондық кезеңге жылдық 17,79 % мөлшерінде сыйақы мөлшерлемесі белгіленгені туралы хабарлады, бұл ретте:

  • номиналды құн бірлігі үшін купондық сыйақының тіркелген мөлшері – 43,38 теңге;
  • купондық сыйақының жалпы тіркелген мөлшері – 2 103 930 000 теңге.

[2023-05-22]