Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2586856879 (EBRDe18) халықаралық облигациялары бойынша бірінші купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 17,79 %
22.05.23 14:30
/KASE, 22.05.23/ – Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің XS2586856879
халықаралық облигациялары ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары"
секторы, EBRDe18; 48,5 млрд теңге; 23.02.23 – 23.03.24; қалқымалы тоқсандық
купон, TONIA Compounded + 0,90 %; actual/365) бойынша есеп айырысу агенті
ретінде "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы)
Қазақстандық қор биржасына (KASE) көрсетілген облигациялар бойынша бірінші
купондық кезеңге жылдық 17,79 % мөлшерінде сыйақы мөлшерлемесі белгіленгені
туралы хабарлады, бұл ретте:
- номиналды құн бірлігі үшін купондық сыйақының тіркелген мөлшері – 43,38 теңге;
- купондық сыйақының жалпы тіркелген мөлшері – 2 103 930 000 теңге.
[2023-05-22]