"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ Директорлар кеңесі жай акциялар бойынша дивидендтер төлеуге 300 млрд теңге бағыттауды ұсынды

19.05.23 18:11
/KASE, 19.05.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы " АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған 2023 жылдың 19 мамырындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады: дәйексөздің басы 2022 жылдың қорытындысы бойынша директорлар кеңесі акционерлерге 300 млрд теңге көлемінде дивидендтер бөлуді ұсынды Директорлар кеңесі аудиттелген қаржылық есептілік негізінде "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ ("ҚМГ") 2022 жылы алынған 1 289 млрд теңге көлеміндегі таза табысты келесі тәртіпте бөлуді ұсынды: - ҚМГ акционерлеріне дивидендтер төлеуге 300 млрд теңге бөлу; - 989 млрд теңге сомасын ҚМГ иелігінде қалдыру; - 2022 жылға бір жай акцияға дивиденд мөлшері 491,71 теңгені құрайды. Дивидендтерді төлеу туралы шешімді акционерлер 2023 жылғы 30 мамырда өтетін Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында (АЖЖЖ) бекітуге жатады. Жалпы жиналыс мақұлдаған жағдайда, 2022 жылғы дивидендтерді төлеу 2023 жылғы 20 маусымда акционерлер тізілімінде 2023 жылғы 31 мамырдағы жергілікті уақыт бойынша 00:00 (GMT+6) тіркелген акционерлерге төленеді. дәйексөздің соңы Осы ақпарат орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_190523_kz_1.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_information_rus_190523.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_190523_en_1.pdf – ағылшын тілінде. [2023-05-19]