"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ 2023 жылдың бірінші тоқсанындағы өндірістік нәтижелерін хабарлады

19.05.23 17:55
/KASE, 19.05.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы " АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған 2023 жылдың 19 мамырындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады: дәйексөздің басы "ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы" АҚ (бұдан әрі – "ҚМГ", "Компания"), Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы, 2023 жылғы бірінші тоқсандағы өндірістік нәтижелерін жариялайды. 2023 жылғы бірінші тоқсандағы басты өндірістік көрсеткіштер: - Мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 8,7%-ға артып, 5 961 мың тоннаға жетті; - Мұнай тасымалдау көлемі 3,0%-ға ұлғайып, 18 858 мың тоннаны құрады; - Қазақстандық және румындық МӨЗ-де көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 8,1%-ға артып, 4 936 мың тоннаны құрады. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы жарияланды: - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_190523_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_190523.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_190523_en.pdf – ағылшын тілінде. [2023-05-19]