19 мамыр күні Қазақстан қор биржасында "Home Credit Bank" АҚ KZ2D00008356 (HCBNb8) облигацияларына жазылу жүргізіледі

19.05.23 08:55
/KASE, 19.05.23/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE немесе биржа) сауда-саттық жүйесінде "Home Credit Bank" АҚ (Алматы) KZ2D00008356 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, HCBNb8; 1 000 теңге; 20,0 млрд теңге; 17.02.22 – 17.02.25; жартыжылдық купон, жылдық 12,50 %; 30/360) облигацияларына жазылу арқылы оларды бастапқы орналастыру жүргізіледі. Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді. Орналастырылатын облигациялардың номиналды көлемі – 5 000 000 000 теңге. Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 19 мамырында сағат 10:30-ден 11:30-ға дейін Астана қ. уақытымен жүргізіледі. Жазылым аясында тек шектелімді өтінімдер қабылданады. Биржа қабылдаған өтінімдер тізілімін сатушыға беру күні – 2023 жылдың 19 мамыры; сатушының қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін Биржаға беру күні – 2023 жылдың 19 мамыры; есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен уақыты – 2023 жылдың 19 мамыры, Астана қаласы уақытымен 12:30. Есеп айырысуларды "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады. Жазылымға қатысу үшін өтінімдер Биржаға тек "қор" санатындағы KASE мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі http://kase.kz/ru/membership сілтемесі бойынша жарияланған. Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды Сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат ретінде жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы беріледі. Бағалы қағаздарға жазылым жүргізу ережелері KASE интернет-ресурсында http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf сілтемесі бойынша жарияланған. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат https://kase.kz/ru/bonds/show/HCBNb8/ сілтемесі бойынша жарияланған. [2023-05-19]