KASE бөлшек инвесторлар үшін "KASE фьючерстері" вебинарын өткізді
18.05.23 17:51
/KASE, 18.05.23/ – Бүгін Қазақстандық қор биржасы (KASE) жаңа бастаған
бөлшек инвесторлар үшін "KASE-дегі фьючерстер" тақырыбында онлайн
вебинар өткізді.
Вебинарда KASE Сауда-саттық департаменті директорының орынбасары
Вячеслав Хан фьючерстерге қатысты негізгі ұғымдар мен параметрлер
және Биржадағы фьючерстік сауда-саттыққа қол жеткізу туралы айтып
берді, сондай-ақ аудиториямен фьючерстік сауда-саттыққа байланысты
практикалық мысалдармен, негізгі стратегиялармен және тәуекелдермен
бөлісті.
[2023-05-18]