01 маусымнан бастап Шетел валютасының теңгеге бағамына фьючерстердің маманданымына енгізілген өзгертулер қолданысқа енгізіледі

18.05.23 14:59
/KASE, 18.05.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасының 2023 жылдың 25 әуіріндегі шешімімен "Шетел валютасының теңгеге бағамына фьючерстердің маманданымы" (Маманданым) атты KASE ішкі құжатына енгізілген № 3 өзгертулер (өзгертулер) 2023 жылдың 01 маусымынан бастап қолданысқа енгізіледі. Өзгертулер рубльдің теңгеге бағамына айлық фьючерстермен сауда-саттық іске қосылуына байланысты енгізілді. Аталған қаржы құралдармен сауда-саттық бір уақытта рубльдің теңгеге тоқсандық фьючерстерімен қатар өткізілетін болады. Маманданымның жаңартылған мәтіні KASE интернет-ресурсында https://kase.kz/ru/kase_rules/ ("Сауда-саттық" – "Деривативтер" бөлімінде) сілтемесі бойынша жарияланған. [2023-05-18]