/KASE, 18.05.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған "First Heartland Securities" АҚ (Алматы) Компанияның 2022 жылға
шоғырландырылған қаржылық есеп берушілігі бойынша аудиторлық есепті
KASE-ге берді.
2022 жылдың 31 желтоқсанындағы аудиттелген деректерге сәйкес
(егер өзгесі көрсетілмесе, млн теңгемен):
----------------------------------------------------
31.12.22 31.12.21
Көрсеткіш ж.б. ж.б.
-------------------------------- --------- ---------
Меншікті капитал 599 431 523 803
Жиынтық активтер 3 165 470 3 050 034
Жиынтық міндеттемелер 2 566 039 2 526 231
Таза пайда (таза шығын) 105 323 46 797
Акцияның теңгерімдік құны, теңге 71 562,42 62 502,41
ROA, % 3,33 1,53
ROE, % 17,57 8,93
----------------------------------------------------
Компанияның 2022 жылға қаржылық есеп берушілігінің аудитін "КПМГ Аудит" ЖШС
жүргізді. Аудиторлық қорытындыға сәйкес шоғырландырылған қаржылық есеп
берушілік 2022 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша "First Heartland
Securities" АҚ мен оның еншілес ұйымының шоғырландырылған қаржылық жағдайын,
сондай-ақ олардың шоғырландырылған қаржылық нәтижелерін және ҚЕХС-ке сәйкес
көрсетілген күні аяқталған жыл үшін ақша қаражатының шоғырландырылған
қозғалысын барлық елеулі аспектілерде дұрыс көрсетеді.
Есеп KASE интернет-сайтында жарияланды –
https://kase.kz/files/emitters/FHSE/fhsef6_2022_cons_rus.PDF
[2023-05-18]