"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді

16.05.23 17:32
/KASE, 16.05.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан темір жолы "ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) жалғыз акционердің 2023 жылдың 26 сәуіріндегі шешімімен Компанияның Директорлар кеңесінің құрамына мынадай өзгерістер енгізілгені туралы KASE-ге хабарлады: - шығарылды: Аханзарипов Н.З.; - сайланды: Ширхубер Александр Андреас. Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ Директорлар кеңесі тоғыз адамнан тұрады: Лавриненко Ю.И., Ульф Вокурка, Байдәулетов Н.Т., Бердіғұлов Е.К., Ауғанов Г.К., Джон МакКей, Ширхубер Александр Андреас, Нұрбаева Н.Н., Сауранбаев Н.Е. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/TMJL/tmjl_board_changes_260423_1784.pdf [2023-05-16]