Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Банк ЦентрКредит" АҚ акционерлері 2022 жылға жай акциялар бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады
/KASE, 15.05.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) 2023 жылдың 12 мамырында өткен Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады.
Акционерлер, соның ішінде, келесі шешімдерді қабылдады:
- банктің 2022 жылға аудиттелген шоғырландырылған және жекелеген жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін;
- 2022 қаржы жылы үшін банктің жай акциялары бойынша дивидендтер төленбесін;
- 144 915 млн теңге сомасындағы 2022 жылдағы таза кіріс банктің бөлінбеген пайдасының шотында қалдырылсын.
Осы ақпарат орналастырылды – толығырақ
[2023-05-15]