Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
KASE биржалық нарықтың 2023 жылдың сәуіріндегі жұмысын қорытындылады
/KASE, 12.05.23/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан әрі – KASE, Биржа) 2023 жылдың сәуіріндегі қызметтің негізгі қорытындылары туралы хабарлайды.
- KASE сауда-саттығының жиынтық көлемі 2023 жылдың сәуірінде 28,0 трлн теңгені құрады және наурыз айына қатысты 15,9 %-ға немесе 3,8 трлн теңгеге өсті.
- Сәуір айының қорытындысы бойынша KASE Индексінің мәні 6,2 %-ға өсіп, 3 559,90 тармақты құрады.
- Сәуір айының қорытындысы бойынша акциялар нарығын капиталдандыру 5,7 %-ға 22,8 трлн теңгеге дейін өсті, саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 0,9 %-ға 13,4 трлн теңгеге дейін өсті.
- 2023 жылдың 01 мамырындағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдерінде 222 эмитенттің 602 атаудағы мемлекеттік емес бағалы қағаздары болды.
- 2023 жылдың 01 мамырындағы жағдай бойынша Орталық депозитарийде жеке тұлғалардың 680 мың дербес қосалқы шоттары болды. Сәуір айының қорытындысы бойынша жеке тұлғалар 3 мыңнан астам жаңа дербес қосалқы шоттарын тіркеді.
Бағалы қағаздар нарығының, шетел валюталарының, ақшаның, репо және валюталық своп операцияларының, туынды құралдар нарығының көрсеткіштерін, сондай-ақ негізгі жобалар мен іс-шараларға шолуды қамтитын толық ақпарат KASE интернет- ресурсында жарияланған KASE баспасөз мәлімдемесінде ұсынылған:
[2023-05-12]