Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
12 маусымда "Fincraft" Инвестициялық үйі" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтеді
/KASE, 12.05.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Fincraft" Инвестициялық үйі" АҚ (Алматы) 2023 жылдың 12 маусымында сағат 10:00-де оның акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы келесі күн тәртібімен басталатынын KASE-ге хабарлады:
- компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы;
- компанияның 2022 жылға аудиттелген жеке қаржылық есептілігін бекіту туралы;
- компанияның 2022 жылға аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есептілігін бекіту туралы;
- компанияның 2022 жылдағы таза табысын бөлу тәртібін және 2022 жылдың қорытындысы бойынша компанияның бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту туралы;
- компанияның және оның лауазымды тұлғаларының 2022 жылдағы әрекеттеріне акционерлердің шағымдарын қарау және оларды қарау қорытындылары туралы;
- компания акционерлерін Компанияның Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің 2022 жылға сыйақысының мөлшері мен құрамы туралы ақпараттандыру туралы.
Жиналыс туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында орналастырылды – толығырақ
[2023-05-12]