KZ
9 мамыр 2025, 14:41
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
10.05.2023 18:30 #Сауда-саттық ақпараты

Қазақстанның Қаржы министрлігі 10 мамыр күні Қазақстан қор биржасында 20,0 млн МЕУКАМ-180 13-ші шығарылымын (KZKD00000931, MUM180_0013) өтеуге кірістілігі жылдық 13,00 %-бен орналастырды

/KASE, 11.05.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 10 мамырында KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕУКАМ) орналастыру және қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттықтың екі сессиясы төменде келтірілген шарттармен (Астана қ.уақыты) өткенін хабарлайды.

ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:

----------------------------------------------- ----------------------------
Сауда-саттық күні:                              10.05.23                    
Өтеуге дейін мерзімі:                           9,9 жыл (3 564 күн)         
Орналастырудың жарияланған көлемі, дана:        20 000,0                    
Сауда-саттық заты:                              "таза" баға                 
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі,%: 70                          
Өтінім беру тәсілі:                             Жабық                       
Өтінімдерді қабылдау уақыты:                    09:00–12:00                 
Өтінімдерді растау уақыты:                      09:00–12:00                 
Кесім уақыты:                                   10.05.23, 15:00             
Төлеу күні және уақыты:                         12.05.23                    
Шектелімді қарсылама өтінімдерді                қарсылама өтінімдердің      
қанағаттандыру тәсілі:                          көлеміне пропорционалды     
Шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру әдісі:    кесімдеу бағасына тең немесе
                                                сатушы үшін ұтымдырақ болып 
                                                табылатын, шектелімді       
                                                қарсылама өтінімдердің      
                                                бағалары бойынша            
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру әдісі:      орташа сараланған баға      
                                                бойынша                     
----------------------------------------------------------------------------

Астана қ.уақытымен 15:30-дан 16:00-ге дейін эмитент KASE сауда-саттық жүйесінде мамандандырылған сауда-саттық шеңберінде көрсетілген облигацияларды 20 000,0 млн теңге сомасына орналастыруды жоспарлады. KASE сауда-клирингілік жүйесінде өтінімдерді қабылдау кезеңі аяқталған кезде белсенді өтінімдердің болмауына байланысты қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілмеді деп танылды.

---------------------------------------------------------------------------
ОРНАЛАСТЫРУДАҒЫ СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРІ:                                         
--------------------------------------------------- -----------------------
Қатысушылар саны:                                   4                      
Берілген өтінімдер саны (барлығы /белсенді):        9 / 8                  
оның ішінде:                                                               
– шектеулі:                                         9 / 8                  
– нарықтық:                                         0 / 0                  
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн теңге:              34 693,3               
оның ішінде:                                                               
– шектеулі:                                         34 693,3               
– нарықтық:                                         0,0                    
Ұсынымға сұраным, %:                                х2,3 есе               
Берілген өтінімдер бойынша "таза" бағасы, номиналдан % (барлық / белсенді):
– минималды                                         70,2184                
– максималды                                        76,5286                
– орташа сараланған                                 73,5756 / 73,6702      
Берілген өтінімдер бойынша кірістілік, жылдық % (барлық / белсенді):       
– минималды                                         13,0000                
– максималды                                        14,5000                
– орташа сараланған                                 13,6737 / 13,6508      
--------------------------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер – өтінімдер беру кезеңі аяқталған сәтте сауда-саттыққа
  қатысушылармен жойылмаған, соның ішінде Растау жүйесінің                
  қатысушыларымен расталған, өтінімдер.                                   

Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде банктердің үлесіне – 55,4 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 44,6 % тиесілі болды.

ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ:

---------------------------------------------------- ----------------
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі,              20 000 000      
облигациялар:                                                        
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, теңге:       15 488 542 222,2
Қанағаттандырылған өтінімдер саны:                   1               
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны:      1               
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, жоспардан %:    100,0           
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі,              43,0            
сұранымнан %:                                                        
Қанағаттандырылған өтінімдердегі "таза" баға,        76,5286         
номиналдан %:                                                        
Сатып алушы үшін өтеуге облигациялардың кірістілігі, 13,0000         
жылдық %:                                                            
---------------------------------------------------------------------

Орналастыру кезінде барлық көлемді институционалды инвесторлар сатып алады.

Бұрын жүргізілген орналастыруды ескере отырып, МЕУКАМ-180 13-ші шығарылымының (KZKD00000931, MUM180_0013) толық көлемі номиналды құны 142 576 472 000 теңге сомасына 142 576 472 облигацияны құрады.

Осы орналастыру бойынша есептеулер Т+2 сызбасы бойынша жүзеге асырылады. Бүгінгі аукционда сатылған МЕКАМ бойынша міндеттемелер орындалған күннен кейінгі келесі жұмыс күні кестеде көрсетілген сауда- саттық кодымен KASE қайталама нарығында айналысқа жіберілетін болады. Бұл ретте облигациялар KASE сауда-саттық жүйесінде таза бағамен белгіленуі тиіс.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығару, орналастыру, айналысқа шығару, оларға қызмет көрсету және өтеу қағидалары толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін орналастыру ережелері толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

[2023-05-10]