"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы " АҚ Басқарма құрамы өзгертілді

10.05.23 13:10
/KASE, 10.05.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) Директорлар кеңесінің 2023 жылдың 03 мамырындағы шешімімен компания Басқармасының құрамына мынадай өзгерістер енгізілгенін KASE-ге хабарлады: - шығарылды: Қайырденов А.К., Қарабаев Д.С.; - сайланды: Макеев Д.С., Арысова Д.А. Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ Басқармасы тоғыз адамнан тұрады: Мырзағалиев М.М., Абдулгафаров Д.Е., Закиров Б.К., Лавренов В.С., Брекешев С.А., Хасанов Д.К., Құдайбергенов К.М., Макеев Д.С., Арысова Д.А. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_board_changes_030523_3645.pdf [2023-05-10]