05 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында Coca-Cola компаниясы US1912161007 (KO_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды

05.05.23 11:09
/KASE, 05.05.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 05 мамырынан бастап, олар бойынша KASE орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын репо операциялары бойынша және есеп айырысу күні 2023 жылдың 16 маусымына және одан кейінгі күндерге келетін, The Coca-Cola Company (АҚШ) US1912161007 ("KASE Global" секторы, KO_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" ішкі құжатының 11-2 бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылдың 16 маусымында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 29 маусымынан бастап қайта басталады. [2023-05-05]