05 мамырдан бастап KASE-де US20825C1045 (COP_KZ) ConocoPhillips және US30231G1022 (XOM_KZ) Exxon Mobil Corporation жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды

05.05.23 11:07
/KASE, 05.05.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 05 мамырынан бастап KASE орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын және есеп айырысу күні 2023 жылдың 16 мамырына және одан кейінгі күндерге тиесілі репо операциялары бойынша мынадай жай акциялармен сауда-саттықтың тоқтатылғанын хабарлайды: - US20825C1045 ("KASE Global" секторы, COP_KZ) ConocoPhillips (АҚШ); - US30231G1022 ("KASE Global" секторы, XOM_KZ) Exxon Mobil Corporation (АҚШ). Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" ішкі құжатының 11-2-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылдың 16 мамырында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 18 мамырынан бастап қайта жалғастырылады. [2023-05-05]