/ҚАЙТАЛАУ/ KASE 2023 ЖЫЛДЫҢ 04 МАМЫРЫНАН БАСТАП KASE ИНДЕКСІН ЕСЕПТЕУ ҮШІН ӨКІЛЕТТІК ТІЗІМДІ АНЫҚТАДЫ

04.05.23 09:29
/KASE, 04.05.23, 12.04.23 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Индекстер мен индикаторлар жөніндегі комитеттің (бұдан әрі – Комитет) 2023 жылдың 10 сәуіріндегі "Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес 2023 жылдың 04 мамырынан бастап KASE индексін есептеу үшін акциялардың өкілеттік тізімі анықталғаны туралы хабарлайды (бұдан әрі – Тізім). Аталған шешімге сәйкес, 2023 жылдың 04 мамырынан бастап KASE индексін есептеу үшін акциялардың өкілдік тізімі өзгеріссіз қалады. ------------------------------------------------------------------------ Код ---- --------- ------ # р/с акциялар ISIN Эмитент Fi* Ri* Үлесі* ----- -------- ------------ ---------------------- ---- --------- ------ 1 CCBN KZ0007786572 "Банк ЦентрКредит" АҚ 40,4 1,0000000 7,3 2 HSBK KZ000A0LE0S4 "Қазақстан Халық жинақ 30,5 0,2348330 15,0 банкі" АҚ 3 KCEL KZ1C00000876 "Кселл" АҚ 34,1 0,8456748 15,0 4 KEGC KZ1C00000959 "KEGOC" АҚ 10,0 1,0000000 6,4 5 KMGZ KZ1C00001122 "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ 3,0 0,5896013 15,0 6 KSPI KZ1C00001536 "Kaspi.kz" АҚ 23,7 0,0665349 15,0 7 KZAP KZ1C00001619 "Қазатомөнеркәсіп" 25,0 0,1133310 15,0 ҰАК" АҚ 8 KZTK KZ0009093241 "Қазақтелеком" АҚ 16,3 1,0000000 7,2 9 KZTO KZ1C00000744 "ҚазТрансОйл" АҚ 10,0 1,0000000 4,2 ------------------------------------------------------------------------ * Fi, Ri және Үлес параметрлері Комитет шешімі күшіне енгеннен кейін, яғни 04.05.23 басына акциялардың ағымдағы бағасына және 01.04.23 жағдай бойынша еркін айналымдағы акциялар санына сәйкес қайта есептеледі. КЕСТЕГЕ ТҮСІНДІРМЕ ISIN – акцияның ұлттық немесе халықаралық сәйкестендіру нөмірі. Эмитент – акциялар эмитентінің қысқаша атауы. Ri – шектеу коэффициенті – әрбір акцияның индекс мәніне әсер ету үлесін 0,15 (15 %) дейін шектейтін параметр әрбір акция үшін тоқсанына бір рет 01 ақпандағы, 01 мамырдағы, 01 тамыздағы,01 қарашадағы жағдай бойынша есептеледі, оны есептеу тәртібі Әдістемемен регламенттеледі. Fi – 01.01.23 жағдай бойынша еркін айналымдағы акциялар санының, KASE-де 11.04.23 жағдай бойынша тіркелген соңғы мәміленің бағасының және әрбір атаудағы акцияның индекс мәніне әсер ету үлесін шектейтін Ri коэффициентінің туындысы ретінде алынған параметр. Үлес – KASE индексін есептеу үшін өкілеттік тізімдегі барлық атаулардағы акциялардың жиынтық нарықтық құнындағы қандай да бір атаудағы акциялардың жиынтық нарықтық құнының үлесі. Пайызбен көрсетіледі. Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында https://kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf сілтеме бойынша жарияланған. [2023-05-04]