KZ
9 мамыр 2025, 17:26
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
04.05.2023 09:29 #KASE Индексі

/ҚАЙТАЛАУ/ KASE 2023 ЖЫЛДЫҢ 04 МАМЫРЫНАН БАСТАП KASE ИНДЕКСІН ЕСЕПТЕУ ҮШІН ӨКІЛЕТТІК ТІЗІМДІ АНЫҚТАДЫ

/KASE, 04.05.23, 12.04.23 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Индекстер мен индикаторлар жөніндегі комитеттің (бұдан әрі – Комитет) 2023 жылдың 10 сәуіріндегі "Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес 2023 жылдың 04 мамырынан бастап KASE индексін есептеу үшін акциялардың өкілеттік тізімі анықталғаны туралы хабарлайды (бұдан әрі – Тізім).

Аталған шешімге сәйкес, 2023 жылдың 04 мамырынан бастап KASE индексін есептеу үшін акциялардың өкілдік тізімі өзгеріссіз қалады.

------------------------------------------------------------------------
      Код                                          ---- --------- ------
# р/с акциялар     ISIN     Эмитент                Fi*     Ri*    Үлесі*
----- -------- ------------ ---------------------- ---- --------- ------
  1   CCBN     KZ0007786572 "Банк ЦентрКредит" АҚ  40,4 1,0000000    7,3
  2   HSBK     KZ000A0LE0S4 "Қазақстан Халық жинақ 30,5 0,2348330   15,0
                            банкі" АҚ                                   
  3   KCEL     KZ1C00000876 "Кселл" АҚ             34,1 0,8456748   15,0
  4   KEGC     KZ1C00000959 "KEGOC" АҚ             10,0 1,0000000    6,4
  5   KMGZ     KZ1C00001122 "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ    3,0 0,5896013   15,0
  6   KSPI     KZ1C00001536 "Kaspi.kz" АҚ          23,7 0,0665349   15,0
  7   KZAP     KZ1C00001619 "Қазатомөнеркәсіп"     25,0 0,1133310   15,0
                            ҰАК" АҚ                                     
  8   KZTK     KZ0009093241 "Қазақтелеком" АҚ      16,3 1,0000000    7,2
  9   KZTO     KZ1C00000744 "ҚазТрансОйл" АҚ       10,0 1,0000000    4,2
------------------------------------------------------------------------
* Fi, Ri және Үлес параметрлері Комитет шешімі күшіне енгеннен кейін, яғни 
04.05.23 басына акциялардың ағымдағы бағасына және 01.04.23 жағдай 
бойынша еркін айналымдағы акциялар санына сәйкес қайта есептеледі.

КЕСТЕГЕ ТҮСІНДІРМЕ

ISIN – акцияның ұлттық немесе халықаралық сәйкестендіру нөмірі.

Эмитент – акциялар эмитентінің қысқаша атауы.

Ri – шектеу коэффициенті – әрбір акцияның индекс мәніне әсер ету үлесін 0,15 (15 %) дейін шектейтін параметр әрбір акция үшін тоқсанына бір рет 01 ақпандағы, 01 мамырдағы, 01 тамыздағы,01 қарашадағы жағдай бойынша есептеледі, оны есептеу тәртібі Әдістемемен регламенттеледі.

Fi – 01.01.23 жағдай бойынша еркін айналымдағы акциялар санының, KASE-де 11.04.23 жағдай бойынша тіркелген соңғы мәміленің бағасының және әрбір атаудағы акцияның индекс мәніне әсер ету үлесін шектейтін Ri коэффициентінің туындысы ретінде алынған параметр.

Үлес – KASE индексін есептеу үшін өкілеттік тізімдегі барлық атаулардағы акциялардың жиынтық нарықтық құнындағы қандай да бір атаудағы акциялардың жиынтық нарықтық құнының үлесі. Пайызбен көрсетіледі.

Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында толығырақ сілтеме бойынша жарияланған.

[2023-05-04]