/ҚАЙТАЛАУ/ 2023 ЖЫЛДЫҢ 04 МАМЫРЫНАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫ, KASE ИНДЕКСІНІҢ МӘНІНЕ ӨКІЛЕТТІ ТІЗІМІНЕ КІРЕТІН,АКЦИЯЛАРДЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІН ӨЗГЕРТТІ

03.05.23 14:32
/KASE, 03.05.23, 28.04.23 жаңалығын қайталау/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің 2023 жылдың 04 мамырынан бастап KASE индексінің өкілетті тізіміне енетін – еркін айналыстағы акциялардың үлесі және шектеу коэффициенттері – анықталды. Төменде берілген кестеде KASE Индексінің мәніне ықпал ететін, акциялардың қолданыста болған және жаңа параметрлері көрсетілген. ------------------------------------------------------------------------------ 2023 жылдың 04 мамырынан бастап 2023 жылдың 04 мамырына дейін орналастыры- free шектеулі орналастыры- free шектеулі Акциялар лған акциялар float коэф- лған акциялар float коэф- коды саны (Fi),% фициент(Ri) саны (Fi),% фициент(Ri) ------------------------------------------------------------------------------ CCBN 188 029 035 40.4 1.0000000 188 029 035 40.4 1.0000000 HSBK 10 908 249 099 30.5 0.2005534 10 908 249 222 30.5 0.2447683 KCEL 200 000 000 34.1 0.8140370 200 000 000 34.1 0.8376573 KEGC 259 997 466 10.0 1.0000000 259 998 191 10.0 1.0000000 KMGZ 610 119 493 3.0 0.5610556 610 119 493 3.0 0.5741957 KSPI 190 353 730 24.0 0.0616441 190 309 970 23.3 0.0672333 KZAP 259 356 608 25.0 0.1193726 259 356 608 25.0 0.1085586 KZTK 10 338 514 16.3 1.0000000 10 338 514 16.3 1.0000000 KZTO 384 618 344 10.0 1.0000000 384 618 364 10.0 1.0000000 ------------------------------------------------------------------------------ КЕСТЕГЕ ТҮСІНДІРМЕ KASE индексі – KASE акция нарығының индексі, ол аталмыш индексті есептеу үшін өкілетті тізімге енгізілген акциялар бағасының өзгеруін, олардың эмитенттерінің капитализациясын және еркін айналыстағы (free float) бұл акциялар санын ескере отырып, көрсетеді. Бір атаулыдағы акцияның KASE индексіне ықпалы 15 %-дан аса алмайды. KASE индексі осы индексті есептеу үшін өкілетті тізімдегі атаулы акцияларымен мәміле жасау шамасына қарай сауда-саттық күні барысында есептеледі. Параметрлері KASE индексін есептеуге қажетті, мәмілелер сауда-саттық күні барысында жасалмаса, мұндай есептесулер мақсатында соңғы нәтижелі сауда-саттық сессиясының нәтижелері қолданылады. Индексті есептеу әдістемесі "Қор нарығы индикаторын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатында берілген, ол KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met_kaz.pdf мекен-жай бойынша жарияланған. Индекс беті http://www.kase.kz/kz/index_kase мекен-жай бойынша жарияланған. Акция коды: биржада сатылатын, бағалы қағаздар эмитентінің кодын (алғашқы 4 таңбасы, сондай-ақ жай акция коды): акция санатын (егер бесінші таңба "p" болса, онда артықшылықты акция); акция шығарылымының реттік нөмірі (қажет болған жағдайда, алтыншы сандық таңба) көрсетіледі. Эмитенттердің кодтары: CCBN - "Банк ЦентрКредит" АҚ; HSBK - "Қазақстан Халық жинақ Банкі" АҚ; KCEL - "Кселл" АҚ; KEGC - "KEGOC" АҚ ; KMGZ - "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ ; KSPI - Kaspi.kz АҚ; KZAP - АҚ ""Казатомпром" ҰАК"; KZTK - "Қазақтелеком" АҚ; KZTO - АҚ "КазТрансОйл". Орналастырылған акциялар саны – листингілік компания акционерлерінің тізілімі жүйесінің үзінді көшірмесінің мәліметтері немесе компанияның ақпараты негізінде, қайта сатып алынғандарды есептемегенде, листингілік компанияның орналастырылған акциялар саны ретінде, KASE дербес түрде анықтайтын, параметр. Биржа KASE Индексін есептеу кезінде орналастырылған акциялардың биржадағы құжаттармен расталған санының мәнін ескереді. Free float (Fi), % – мемлекетке, эмитент менеджментіне және, эмитенттің жай акцияларының жалпы санынан бес және одан көп көлеміндегі пайызына иеленген, акционерлерге тиесілі емес, KASE Тәуекел комитетінің шешімімен стратегиялық деп танылмаған (есептік қызмет көрсету қызметін атқаратын институционалды инвесторлар, номиналды иелері және т.б.) акционерлерді қоспағанда, акциялардың саны ретінде KASE анықтайтын параметр. Шектеу коэффициент (Ri) – әрбір акцияның индекс мәніне ықпалын он бес пайызға дейін шектейтін, параметр. [2023-05-03]