"First Heartland Jusan Bank" АҚ акционерлері жай акциялар бойынша 2022 жылға дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады

03.05.23 12:03
/KASE, 03.05.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "First Heartland Jusan Bank" АҚ (Алматы) 2023 жылдың 02 мамырында өткен акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционерлер, оның ішінде, келесі шешімдерді қабылдады: - тәуелсіз аудитордың аудиторлық есебімен банктің 2022 жылға жеке және шоғырландырылған қаржылық есептілігі бекітілсін; - банктің 2022 жылдағы таза кірісін бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін: - банктің жай акциялары бойынша дивидендтер есептелмесін және төленбесін; - банктің 2022 жылдағы таза кірісі бөлінбесін және бөлінбеген таза кіріске бағытталсын. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/TSBN/tsbn_special_shareholders_meeting_results_020523_05-1282-23.pdf [2023-05-03]