/KASE, 03.05.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "First Heartland Jusan Bank" АҚ (Алматы) 2023 жылдың
02 мамырында өткен акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімдері
туралы KASE-ге хабарлады.
Акционерлер, оның ішінде, келесі шешімдерді қабылдады:
- тәуелсіз аудитордың аудиторлық есебімен банктің 2022 жылға жеке және
шоғырландырылған қаржылық есептілігі бекітілсін;
- банктің 2022 жылдағы таза кірісін бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін:
- банктің жай акциялары бойынша дивидендтер есептелмесін және төленбесін;
- банктің 2022 жылдағы таза кірісі бөлінбесін және бөлінбеген таза
кіріске бағытталсын.
Осы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/TSBN/tsbn_special_shareholders_meeting_results_020523_05-1282-23.pdf
[2023-05-03]