KASE "KASE DAY IN TASHKENT" ІС-ШАРАСЫН ӨТКІЗДІ

02.05.23 17:30
/KASE, 02.05.23/ – 2023 жылдың 28 сәуірінде Қазақстан қор биржасы (KASE) Өзбекстан Республикасында "Өзбек Республикалық валюта биржасы" АҚ және "Тошкент" республикалық қор биржасы "АҚ көмегімен "KASE Day in Tashkent" өткізді. Іс-шара мүшелік алу мүмкіндіктері, өзбек компаниялары үшін қазақстандық қор нарығында қаржыландыруды тарту шарттары және KASE нарықтарында уақытша бос қаражатты инвестициялау туралы ақпарат беруге бағытталған. "KASE day in Tashkent" барысында KASE өкілдері аудиторияға KASE қызметінің нәтижелері, қазақстандық биржалық нарықтың даму перспективалары, KASE қаржы құралдары мен қызметтері туралы айтып берді. Іс-шараға өзбек ірі компанияларының өкілдері, эмитенттер, инвесторлар және жергілікті нарықтың кәсіби қатысушылары қатысты. Іс-шараға арналған баспасөз мәлімдемесі жарияланды: - https://kase.kz/files/press/kz/28_04_2023_KASE_Day_in_Tashkent_%D0%BA%D0%B0%D0%B7.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/press/ru/28_04_2023_KASE_Day_in_Tashkent.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/press/en/28_04_2023_KASE_Day_in_Tashkent_eng.pdf – ағылшын тілінде. [2023-05-02]