/KASE, 02.05.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Нұрбанк" АҚ (Алматы) 2023 жылдың 30 мамырында сағат 10:00-де
оның акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы басталатынын, оның күн тәртібіне
тоғыз мәселе енгізілгенін KASE-ге хабарлады, оның ішінде:
- банкінің 2022 жылға шоғырландырылмаған (жеке) аудиттелген жылдық
қаржылық есептілігін бекіту;
- банктің 2022 жылға аудиттелген жылдық шоғырландырылған қаржылық
есептілігін бекіту;
- банктің 2022 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар
бойынша дивидендтер төлеу туралы және банктің бір жай акциясына
есептегенде дивидендтер мөлшері туралы шешім қабылдау.
Жиналысты өткізу туралы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/NRBN/nrbn_special_shareholders_meeting_info_300523_5960.pdf
[2023-05-02]