02 мамырдан бастап "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ XS1807299174, US48667QAR65 (KMGZe13) халықаралық облигациялары мерзімінен бұрын өтелуіне байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
/KASE, 02.05.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 02 мамырынан бастап "ҚазМұнайГаз "ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) XS1807299174, US48667QAR65 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KMGZe13; 5 500,0 млн, 24.04.18 – 24.04.25, жартыжылдық купон, жылдық 4,75%; 30/360) халықаралық облигациялары мерзімінен бұрын өтеуге байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды.
Бұған дейін осы тақырып бойынша KASE 2023 жылдың 28 сәуіріндегі жаңалығы жарияланған болатын:"ҚазМұнайГаз "Ұлттық компаниясы" АҚ XS1807299174, US48667QAR65 (KMGZe13) халықаралық облигацияларын толық мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асырды"– толығырақ
Аталған облигациялар 2018 жылдың 24 сәуірінен бастап KASE ресми тізіміне негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша енгізілді. Олармен сауда-сттық 2018 жылдың 01 маусымында ашылды.
[2023-05-02]