/ҚАЙТАЛАУ/ KASE 2023 ЖЫЛДЫҢ МАМЫР АЙЫНА ӨТІМДІЛІКТІҢ БІРІНШІ, ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ КЛАСТАРЫНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРЫНЫҢ ТІЗІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ

02.05.23 09:15
/KASE, 02.05.23, 28.04.23 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына сәйкес 2023 жылдың мамыр айына Биржада айналысқа жіберілген акциялар, депозитарлық қолхаттар және инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарының өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының тізімдерін (бұдан әрі – Бағалы қағаздар тізімдері) қалыптастырды. Бағалы қағаздардың тізімдері индекстер мен индикаторлар комитетімен (Комитет) 2023 жылдың 24 сәуіріндегі шешімімен бекітілген және KASE ішкі құжаттарының нормаларын олардағы бағалы қағаздарға қолдану мақсатында қалыптастырылған. 2023 жылдың 01 және 31 мамыр аралығында әрекет ететін өтімділіктің бірінші класты бағалы қағаздар тізіміне 49 атаудағы бағалы қағаздар енгізілген. 2023 жылдың сәуір аына құрылған өтімділіктің бірінші класты бағалы қағаздарының қолданыстағы тізімімен салыстырғанда, тізімге мыналар енгізілді: 1) "Қазақстан қор биржасы" АҚ KZ1C00001213 ("листингтік емес бағалы қағаздар" секторы, KASE) жай акциялары; 2) Exxon Mobil Corporation US30231G1022 ("KASE Global" секторы, XOM_KZ) жай акциялары; 3) Johnson & Johnson US4781601046 (сектор "KASE Global", JNJ_KZ) жай акциялары; 4) "СНПС - Ақтөбемұнайгаз" АҚ KZ0009093902 (сектор "нелистинговые ценные бумаги", AMGZp) артықшылықты акциялары; 5) "First Heartland Jusan Invest" АҚ басқаруындағы "allGA" ИИПҚ KZPF00000132 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIag) пайлары; 6) "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "ЦентрКредит-Валюталық" ИИПҚ KZPF00000058 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, BCCI_cc) пайлары; 7) АО "First Heartland Jysan Invest" АҚ "doSTAR" ИИПҚ KZPF00000173 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIds) пайлары. 2023 жылдың ақпан айына қалыптастырылған өтімділіктің бірінші кластағы тізімінен шығарылды: 1) Meta Platforms, Inc.US30303M1027 ("KASE Global" секторы, META_KZ) жай акциялары; 2) NVIDIA Corp. US67066G1040 ("KASE Global" секторы, NVDA_KZ) жай акциялары. 2023 жылдың мамыр айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының бағалы қағаздарының тізімі KASE интернет-сайтында https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2023_may.pdf сілтемесі бойынша жарияланған. 2023 жылдың сәуір айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші сыныптарының бағалы қағаздарының тізімі KASE интернет-сайтында https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2023_apr.pdf сілтемесі бойынша жарияланған. Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf сілтемесі бойынша жарияланған. [2023-05-02]