"Кселл" АҚ компанияның Басқарма құрамының өзгергені туралы хабарлады

28.04.23 18:05
/KASE, 28.04.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Кселл" АҚ (Алматы), KASE-ге былай деп хабарлады: дәйексөздің басы "Кселл" акционерлік қоғамы (бұдан әрі "Компания") (KASE: KCEL) - Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы көшбасшы ұялы байланыс операторларының бірі, өзінің акционерлері мен инвесторларын "Кселл" АҚ Бас коммерциялық директоры, Басқарма мүшесі Аверченко Мария Витальевнаның өкілеттігі еңбек шартының мерзімінің аяқталуына байланысты 2023 жылғы 11 мамырдан бастап тоқтатылатыны туралы хабардар етеді. Осыған байланысты 2023 жылғы 12 мамырдан бастап "Кселл" АҚ Басқармасы келесі құрамда: 1. Узбеков Асхат Архатович – Басқарма төрағасы, Бас атқарушы директор; 2. Уйсумбаев Азамат Даулетович – Басқарма мүшесі, Корпоративтік мәселелер жөніндегі бас директор; 3. Страшенко Кирилл Валерьевич – Басқарма мүшесі, Бас техникалық директор; 4. Ибраев Данияр Кадылханович – Басқарма мүшесі, Қауіпсіздік жөніндегі бас директор; 5. Амардинов Малик Алимжанович - Басқарма мүшесі, Цифрлық даму жөніндегі бас директор. дәйексөздің соңы Толық ақпарат орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/KCEL/kcel_relizs_280423_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KCEL/kcel_relizs_280423.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KCEL/kcel_relizs_280423_en.pdf – ағылшын тілінде. [2023-04-28]