KZ
9 мамыр 2025, 15:11
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
28.04.2023 16:41 #Корпоративтік уақиғалар

30 мамырда "Баян Сұлу"АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтеді

/KASE, 28.04.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Баян Сұлу" АҚ (Қостанай) 2023 жылдың 30 мамырында сағат 15:00-де келесі күн тәртібімен оның акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы басталатынын KASE-ге хабарлады:

  • компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту;
  • компания Басқармасының 2022 жылдың өз қызметінің нәтижелері туралы есебі;
  • компанияның 2022 жылға қаржылық есептілігін бекіту;
  • компанияның 2022 жылдағы таза кірісін бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы және компанияның бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту;
  • компанияның және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне акционерлердің шағымдары және оларды қарау қорытындылары туралы;
  • компания акционерлерін компанияның Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің 2022 жылға сыйақысының мөлшері мен құрамы туралы ақпараттандыру.

Жиналысты өткізу туралы ақпарат орналастырылған – толығырақ

[2023-04-28]