"KMF (КМФ)" микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00008550 (MFKMb2) облигациялары баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті
28.04.23 09:40
/KASE, 28.04.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2023 жылдың
27 сәуірінде "KMF (КМФ)" микроқаржы ұйымы" ЖШС (Алматы) KZ2P00008550
(1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 360 күн; ай сайынғы купон, жылдық купон
облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары
бойынша айқындалатын болады; 30/360) облигацияларының баламалы алаңын
"коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу
туралы шешім қабылдады.
Басқарманың осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигацияларға MFKMb2 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілген.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Басқарманың
осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында жарияланатын болады.
[2023-04-28]