27 сәуір күні Қазақстан қор биржасында "Birinshi Lombard" ЖШС (бірінші Ломбард) KZ2P00009277(MFBLb1) облигацияларына жазылу жүргізіледі
/KASE, 26.04.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа) 2023 жылдың 27 сәуірінде KASE сауда-саттық жүйесінде "Birinshi Lombard" ЖШС (Бірінші Ломбард) (Алматы) KZ2P00009277 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFBLb1; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 2 жыл; тоқсандық купон; жылдық 24,00%; 30/360) облигацияларына жазылу арқылы оларды бастапқы орналастыру жүргізілетінін хабарлайды.
Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ (Алматы) (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді.
Орналастырылатын облигациялардың номиналды көлемі – 400 000 000 теңге.
Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 27 сәуірінде сағат 10:00-ден 11:00-ге дейін Астана қ. уақытымен жүргізіледі. Жазылым аясында тек шектеулі өтінімдер қабылданады.
Биржа қабылдаған өтінімдер тізілімін сатушыға беру күні – 2023 жылдың 27 сәуірі; сатушының қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін Биржаға беру күні – 2023 жылдың 27 сәуірі; есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен уақыты – 2023 жылдың 27 сәуірі, Астана қаласы уақытымен 12:30. Есеп айырысуларды "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады.
Жазылымға қатысу үшін өтінімдер Биржаға тек "қор" санатындағы KASE мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.
Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды Сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат тізбесіне мынадай мәліметтер кіреді:
1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы;
2) ИИН физического лица или БИН юридического лица.
Бағалы қағаздарға жазылым жүргізу ережелері KASE интернет-ресурсында толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.
[2023-04-26]