KZ
11 мамыр 2025, 18:53
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
25.04.2023 11:40 #Бағалы қағаздар

"ЛОТТЕ Рахат" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

/KASE, 25.04.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ЛОТТЕ Рахат" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.

Үзінді көшірмеге сәйкес:

  • компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 3 600 000 дана;
  • компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
  • компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға LOTTE CONFECTIONERY CO., LTD болып табылады, оның меншігінде 3 440 362 жай акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 95,57 %) бар.

[2023-04-25]