KZ
11 мамыр 2025, 18:16
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
24.04.2023 09:00 #Сауда-саттық ақпараты

/ҚАЙТАЛАУ/ 25 сәуір күні Қазақстан қор биржасында "Онлайн ҚазҚаржы МҚҰ" АҚ KZ2C00009728 (MFOKb10) облигацияларына жазылу жүргізіледі

/KASE, 24.04.23, 20.04.23 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) 2023 жылдың 20 сәуірінде KASE сауда-саттық жүйесінде "Онлайн Қазқаржы МҚҰ" АҚ (Алматы) KZ2C00009728 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFOKb10; 1 000 теңге, 3,0 млрд; 20.04.23 – 20.04.24; ай сайынғы купон; жылдық 21,00 %; 30/360) облигацияларына жазылу арқылы бастапқы орналастыру жүргізіледі.

Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ (Алматы) (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді.

Орналастырылатын облигациялардың номиналды көлемі – 1 000 000 000 теңге.

Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 25 сәуірінде Астана қаласы уақытымен сағат 10:30-дан 11:30-ға дейін жүргізіледі. Жазылым аясында тек шектелімді өтінімдер қабылданады.

Биржа қабылдаған өтінімдер тізілімін Сатушыға беру күні – 2023 жылдың 25 сәуірі; Сатушының қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін Биржаға беру күні – 2023 жылдың 25 сәуірі; есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен уақыты – 2023 жылдың 25 сәуірі, Астана қ. уақытымен 13:30-да. Есеп айырысуларды "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады

Жазылымға қатысу үшін өтінімдер биржаға тек "қор"санатындағы KASE мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды Сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат ретінде келесі мәліметтер беріледі:

1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы;

2) жеке тұлғаның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН.

Бағалы қағаздарға жазылуды жүргізу қағидалары KASE интернет-ресурсында толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

[2023-04-24]